Соңғы жаңалықтар
Санаторийда емделу
Ауа райы болжамы
04/12 Ср
түн
-2..0 °C
Шғс, 0-2 м/с
04/12 Ср
таң
-2..0 °C
ОШ, 0-2 м/с
04/12 Ср
күн
+5..+7 °C
Бат, 0-2 м/с
04/12 Ср
кеш
+1..+3 °C
Оңт, -1-1 м/с
ГИСМЕТЕО











"Жансая" элиталы санаторийы елімізге танымал, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында орналасқан. Бұл кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді.

Фин саунасы

Фин саунасының адам денсаулығына оң ықпал ететіндігі туралы мағлұмат бірнеше жүз жылдар бойы жиналған. Сауна әлемге өзінің емдік ыстығымен танымал болған. Бу бөлмесіндегі ауа температурасы 140 градусқа дейін жете алады. Бірақта, мұндай жоғары температураның өзі де ауаның құрғақ болуына байланысты жеңіл қабылданады, шыдауға болады. Кешенді емдеу барысында біз ароматерапиясы және «стоун» терапиясы бар саунаны қолданамыз.

Жылу әсер еткенде тері қызарады, қан тола бастайды, импульстарды жүйке орталығына жібереді, дене температурасын реттейді, ағзаға пайдалы заттарды келтіріп, жаман заттарды шығарады. Сондықтанда, әрбір процедурадан кейін денедегі терді жылу сумен шайып тастап, сүлгімен сүртініп кетіріп тастаған жөн.

Жылу ағза жүйелеріне қалай ықпал етеді?

Жүрек-тамыр жүйесі

Жылудың ықпалымен тері жүйке орталығына импульстер жібереді, ал, олар ағзадағы қанның қайта үлестірілуін қадағалайды. Қан периферияға бағытталады, бұл сол жақ қарыншаның және жүрекшенің жұмысын едәуір жеңілдетеді, тұрып қалу құбылыстары жойылады. Суық және жылы процедуралар – бұл тамырлар үшін өзінше бір жаттығу. Ыстықтың жүрек-тамыр жүйесіне әсер етуі ең алдымен қызмет ететін капиллярлардың кеңеюі мен сандарының артуы, артериялар арқылы қан жылжуының жеңілдеуі, көктамырдан қан айналымының тездетілуі арқылы көренеді.

Жүйке жүйесі

Саунада қанның теріге және бұлшық еттерге шабуы миға қан кетуін азайтады. Эмоциональды дайындық бәсеңдейді, психикалық шиеленіс жеңілдейді, адам жүйке тоздыратын ойлардан, кіші бір күйзелістерден арыла бастайды, бұл жүйке жүйесін реттеуге ықпал етеді. Саунаның ыстық шарттары вегетативті жүйке жүйесіне әсер етеді. Бастапқы кезеңде парасимпатикалық жүйке жүйесінің ширақтығы күшейеді. Ары қарай адам денесінің температурасы көтерілген сайын симпатикалық бөлім ширақтығы артады. Саунадан кейін симпатикалық бөлім ширақтығы бәсеңдеп, парасимпатикалық бөлім ширақтығы сақталып қалады.

Тыныс алу жүйесі

Өкпелер қоршаған ортамен газалмасуды жүзеге асырады, өмір тіршілігі үшін қажетті газдарды сіңіріп, жарамайтындарын кері шығарады. Өкпе микробтардың, тозаң бөлшектерінің, жарамсыз газдардың соққысын өзіне алады. Саунада тыныс алу органдарының функционалды қызметтерінің көрсеткіштері әп-сәтте ақ өзгеріп, ары қарай тыныс алу жиелей түседі. Өкпедегі газ алмасу күшейе түседі. Саунада дәрілік өсімдіктермен диетотерапия және ароматерапия бір мезгілде жүргізіледі. Түрлі дәрілік шөптердің қайнатпасы мен тұнбаларын ыстық тастардың үстіне шашқан кезде, эфир майларының хош иісін иіскеу, өкпенің терең түкпірлеріне барып, емдік әсері одан да арта түседі. Жоғары температураларда микробтар мен вирустар жойылып, эндокринді жүйе жанданып, ағзаның реактивтілігі артады.

Бұлшық ет жүйесі

Қаңқа бұлшық еттері жұмыс істеген кезде қан айналымы 60-80 есеге күшейеді, ал, ми мен асқазан-ішек жолдарында ол 8-10 есеге ғана өседі. Қазіргі таңда қаңқа бұлшық еттері белгілі бір жиелікпен жиылатындығы, сол кезде жанында орналасқан тамырларға, әсіресе жүрек пен көктамырдың біріккен жерінде насос ретінде жұмыс істейтін, жүрекке қарағанда 2-3 есе күшті жұмыс істейтін капиллярларға әсер ететіндігі дәлелденген. Міне осы перифериялық жүрек болып табылады. «Перифериялық жүрек» миды одан да қарқынды жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұлшық еттер әлсіз болған сайын, адам стрессті жағдайды соншалықты қиын өткереді. Капиллярлар қаншалықты шыныққан болса, жүрекке жүктеме соншалықты аз болады. Сауна шаршағанды басатын, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіретін құрал ғана емес, сонымен бірге бұлшық еттің эластикалық және энергетикалық процестерін жақсартатын, функционалды мүмкіндіктерді арттыратын бұлшық етті өзіндік жаттықтыру.

Зат алмасу

Сауна газ, минерал және ақуыз алмасуына белсенді ықпал етіп, ағзадан натрий хлорид тұздарының, бейорганикалық фосфордың, азотты заттардың, мочевинаның шығуын күшейтеді.

Тіреу-байланыстыру аппараты

Саунаның ықпалымен байланыс аппараттарының, омыртқаның әрекеттігі, икемділігі артады. Жылудың тіреу-байланыстыру аппаратына әсері тканьдердің икемділігінің, қан айналымы мен синовиалды сұйық қалыптасуының жандануының жақсаруы арқылы көрінеді.