Соңғы жаңалықтар
Санаторийда емделу
Ауа райы болжамы
30/07 Жм
күн
+29..+31 °C
Сол, 2-4 м/с
31/07 Сн
кеш
+20..+22 °C
СШ, 3-5 м/с
31/07 Сн
түн
+17..+19 °C
СШ, 1-3 м/с
31/07 Сн
таң
+27..+29 °C
СБ, 1-3 м/с
GISMETEO.RU











"Жансая" элиталы санаторийы елімізге танымал, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында орналасқан. Бұл кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді.

Сұрақтар мен жауаптар

Егерде сізде сұрақ туындаса немесе тілек білдіргіңіз келсе, оны санаторий әкімшілігіне жібере аласыз, сондай-ақ, қонақ кітапшасында өз пікіріңізді қалдыра аласыз. 

 

Жиі қойылатын сұрақтар:

 

Санаторий қайда орналасқан?

 

«Жансая» санаторийы атақты, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласынан 16 шақырым жерде  орналасқан.

 

Санаторийда қандай ауруларды емдейді?

 

«Жансая» санаторийында асқазан-ішек жолының, өтшығару жүйесінің, зәр-жыныс жүйесінің ауруларын,  гинекологиялық ауруларды, зат алмасудың бұзылуын, тыныс алу органдарының ауруларын, тері ауруларын, жүйке жүйесінің ауруларын, тіреу-қозғалу аппаратының және т.б. ауруларды табысты түрде емдейді. Толыққанды ақпаратты Сіз «Емделу» бөлімінен ала аласыз. 

 

Санаторийде қалудың ең оңтайлы мерзімі қандай?

 

«Жансая» санаторийында қалу мерзімі сіз таңдаған бағдарламаға және белгіленген емдік процедура санына байланысты. Толыққанды ақпаратты Сіз "Емдік бағдарламалар" бөлімінен ала аласыз.

 

Санаторийге қалай жетуге болады?

 

Санаторийге қалай жетуге болатындығын, Сіз "Қалай жетуге болады" бөлімінен біле аласыз. Санаторийдің облыс картасындағы орналасу орны сол жерде көрсетілген. 

 

Санаторийде қызмет трансфері бар ма?

 

Иә, санаторийде қызмет трансфері бар.

 

Санаторийде демалу үшін дәрігердің жолдауы қажет пе?

 

Дәрігердің жолдауы талап етілмейді.

 

Санаторийде қандай диагностика түрлері бар?

 

"Жансая" санаторийында келесі диагностикалық процедуралар жүргізіледі: Ультрадыбысты диагностика, эзофагогастродуоденоскопия, электрокардиография, зертханалық зерттеу. Толығырақ "Диагностика" бөлімінен оқыңыз.

 

Санаторийде тұру және емделу құны қандай?

 

Санаторийде тұру және емделу құны таңдалған бағдарлама мен санаторийде қалу мерзіміне байланысты Толыққанды ақпаратты "Бағалар" бөлімінен ала аласыз.  

 

  

Бөлмелер

Қалай жетуге болады?

ОҚО, Сарыагаш ауданы, Коктерек пос., Сарыағаш курорты, "Жансая" санаторийы

Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" фирмасы
Copyright © 2008 "Жансая" санаториясы ЖШС-і. Барлық құқықтар қорғалған.