Емдеу түрлері
Озокеритпен емдеу
Озокерит (халық арасында оны "қара балауыз", немесе "жердің қатып қалған көз жасы" деп атайды) мұнай қашаннан бері танымал болса, бұл да сол кезден бастап танымал. Негізінен ол шам мен дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылған. Тиісті өңдеуден өткеннен кейін ол ара балауызына ұқсап, мұнайдың иісі мен икемділігіне тән болады.
Толығырақ...
Оттегімен емдеу
Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза тканьдеріндегі оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.
Толығырақ...
Диетотерапия
Емдік (диеталық) тамақтану – емдік-профилактикалық мекемелерде түрлі ауруларды кешенді түрде емдеудің, сондай-ақ, емдеу-сауықтыру іс-шараларының ажырағысыз бөлігі.
Толығырақ...
Бальнеотерапия
Бальнеотерапия – ағзаның қорғаныс-қайта қалпына келтіру күштерін арттарудың, оның икемделу мүмкіндіктерін жаттықтырудың тиімді құралы, ал, аурулар туындаған жағдайда ол функционалдық бұзылуларды жоюға немесе азайтуға ықпал етеді.
Толығырақ...
Физиотерапия
Физиотерапия – емдеудің белсенді патогенетикалық әдістерінің бірі, ол ісу дистрофиялық процестердің тетіктеріне және функционалдық патологияға бағытталған.
Толығырақ...
Емдік денешынықтыру
Емдік денешынықтыру санаториялық-курорттық емнің маңызды факторы және мына түрлерде өткізіледі: таңғы гигиеналық жаттығулар, емдік гимнастика, серуендеу, емдік жүріс, экскурсиялар, спортты және шапшаң қимылды ойындар. Емдік денешынықтырудың осы түрлерінің барлығы түрлі үйлесімде және мөлшерде басқа да емдеу түрлерімен тығыз байланыста қолданылады.
Терренкур
Терренкур - санаториялық-курорттық ем әдісі. Бұл әдіс жаяу жүру, алдын-ала бекітілген, белгіленген бағыт бойынша таулы жерлерге шығу сынды физикалық жүктемелердің мөлшерлі түрде болуын қарастырады.
Құрғақ көмірқышқыл ванналар
"Құрғақ" көмірқышқыл ванналар газды ванналарға жатады. Олардың әсері механикалық және химиялық факторлардың әсерінен құралады. Көмірқышқыл қанға сіңіп, симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің рецепторларына химиялық әсер етіп, күшті әсер ететін биологиялық заттардың түзілуіне мұрсат береді.
Толығырақ...
Дуоденальді зондтау
Дуоденальді зондтау – бауыр мен өт шығару жолдары ауырған кезде диагностикалық және емдік мақсаттарда қолданылатын әдіс. Бұл процедураның еш зияндығы жоқ, тіпті бірқатар жағдайдарда тек қана соның көмегімен дұрыс диагноз қоюға болады.
Асқазанды шаю
Асқазаннан оның ішіндегілерді шайып тастау процедурасы. Бұл емдік мақсатта немесе шайылып шығарылған суларды диагностикалық зерттеу үшін қолданылады. Асқазанды емдік тұрғыдан шаю үшін көрсеткіштер – ішке қабылданған түрлі улармен улану, тамақтан улану, кең ауқымда шырыш құратын гастриттер, басқа да жағдайлар.
Гидроколонотерапия
Гидроколонотерапия – ішек ауруларын ғана емдеуге қатысты емес, ішкі органдардың созылмалы аурулары кезінде ағзаны тазарту, сонымен бірге, ағзаның қартаюын алдын-алуға қатысты жаңа әдістердің бірі.
Фин саунасы
Фин саунасының адам денсаулығына оң ықпал ететіндігі туралы мағлұмат бірнеше жүз жылдар бойы жиналған. Сауна әлемге өзінің емдік ыстығымен танымал болған. Бу бөлмесіндегі ауа температурасы 140 градусқа дейін жете алады. Бірақта, мұндай жоғары температураның өзі де ауаның құрғақ болуына байланысты жеңіл қабылданады, шыдауға болады.
Толығырақ...